Гигиена деген не? Жалпы гигиена мен жеке гигиена
Гигиена деген не? Гигиена ол үй, қол, аяқ, тіс дегенді таза етіп ұстау. Үйде кір болса ол жерде неше түрлі микробтар түзіледі. Микробтар көбейген сайын ауру да көбейе түседі. Сіз біздің клининг компаниясының көмегімен өз үй не пәтеріңізді тазалай аласыз.
Жеке гигиена
Адам баласы өзін үйін ғана емес сонымен қатар өз басын да таза ұстау керек. Күнде жуынып, тісін тазалап, бетін жуып, тамақ алдында қолын жуу керек. Егер жуынбаса қол арқылы бактериялар ауызға кіріп ол жақтан іш пен басқа ішкі ағзаларға жетуі мүмкін. Соның салдарынан адам ауыра бастайды. Адам неше түрлі микробтарға қарсы тұра алмайды.
Кейбір микрбтар мен зиянды вирустар адамды өлтіре де сала алады. Оған қарсы тұру үшін жеке гигиена қажет. Ол қолды тамақ ішу алдында жуу. Тәңертен және кеште тісті шаю. Шаш пен денені таза ұстау. Керек болса душ не моншаға бару.
Жалпы гигиена
Жалпы гигиена ол неше түрлі бактериялардың адам ағзасына әсерін зерттейтін медицинаның бір саласы. Оның мақсаты осы микробтардың адам ағзасына әсерін ғана аңықтау емес, сонымен қатар ол микробтардан азат болу, құтылу жолдарын да табу.
Медицинаның осы саласы неше түрлі антисептикалық заттардың жасалуына ат салысады. Үйді тазалау үшін жуғыш заттар керек. Олардың жасалу жолын осы ғылым негізінде ғылыми әдіспен қадағалайды.
Бет перде
Өзіңіз білетіндей соңғы кезде неше түрлі респираторлық аурулар көбейіп жатыр. Мысалы грипп пен коронавирус. Грипптің неше түрлері бар. Баяғы, үйреншікті гриппен қатар құс тұмауы, шошқа тұмауы дегені де пайда болды. Оған қоса коронавирус пандемиясы да болды. Егер сіздің ағзаңыз бактерияларға қарсы тұра алатындай күшті иммунитеттке ие болмаса онда бет перде кию керек.
Осындай маска адам баласын неше түрлі аурулардан сақтайды. Себебі шүберек арқылы бактериялар өте алмайды. Өте алса да бірден, лезде өте салмайды. Көп мөлшерде емес. Масканы тазалау керек емес. Оны ауыстыру керек. Себебі маскада неше түрлі микробтар жиналады.